ҚЫЗЫЛОРДА ОТД-НДА АҚЫН СӘНІМКҮЛ ЖЕЛДЕРБАЕВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында "Ұстаздық пен Ұлық сөзді үндестірген Ана" атты ақын және ұстаз Сәнімкүл Желдербаеваның шығармашылығына арналған кеш өтті.
Кеш қонақтарының қатарында ақынның шәкірттері Тазагүл Сейтжанқызы, Ділдахан Торғаева, Қызылордадағы «Нур Отан» партиясының жауапты маманы Гүлзина Сқақовалар болды. Кешті құттықтау сөзімен бастаған Қызылорда ОТД-ның бас директоры С.Балтабайұлы ақын-ұстаздың жанажақтылығының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Сәнімкүл Желдебайқызы елге сіңірген еңбегінің әр жылдары ҚР «Білім беру ісінің үздігі», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.
-Бүкіл саналы ғұмырымның көбінде шығармашылықпен айналысып келемін. Соның ішінде мен үшін өлеңдерімнің орны ерекше,- деді ақын өз сөзінде.
Талантты ақынның шығармалары, өлеңдері мен әңгімелері республиқалық, облыстық басылымдардың бетінде бірнеше рет жарық көріп жүр. Оның «Ақ босаға» және «Сырдария» атты қос өлеңдер жинағы еліміздің баспаханалынан басылып шықты.
Кеш қонақтары үшін Қызылорда ОТД-ның қызметкерлерінің ұйымдастыруымен автордың өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, өлеңдері оқылды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА