ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ РӨЛІ ЖОҒАРЫ
Қызылорда облысының әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызмет істері департаментімен Әдеп жөніндегі уәкілдің, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың заң, кадр қызметі қызметшілерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңестің мақсаты – Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметте қызметтік этика ережелерін сақтау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі функцияларын түсіндіру.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге этика ережелерін қолдану, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері және ұжымда адамгершілік-психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша кеңестер беру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жазира Жылқышиева алғашқы 15 қадамында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы басты міндеттердің бірі мемлекеттік қызметте жаңа әдеп ережелерін енгізу болып табылды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мемлекеттік басқару органдарының имиджін анықтайтын мінсіз әдеп мінез-құлықтармен қатар жүруі керек.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Руслан Ысқақов әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеттері, оның мемлекеттік қызметшілер, жалпы қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі жөнінде әңгімеледі.
Бұдан басқа, департамент өкілдері мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдеп ережелерін реттеудегі жаңа институттар, Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысына және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа Заңының нормаларын түсіндіруге толығырақ тоқталды.
Департаменттің баспасөз қызметі