«ӨРТ СӨНДІРУШІ» АҚ-НЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Жақында Астана қаласында «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 1999-2014 жылдар арасындағы қызметі мен даму бағдарламасы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш конференцияға төмендегі тұлғалар қатысты: ҚР ІІМ Министрдің орынбасары Божко Владимир Карпович, «Өрт сөндіруші» АҚ президенті Оқасов Сейтқажы Қажыкенұлы және филиалдың директорлары. Конференцияда мынадай тақырыптар талқыланды: «Қазақстан Республикасындағы өрттің алдын алу мен сөндірудің жалпы мемлекеттік жүйесін дамыту мен құрылуы; Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің «Өрт сөндіруші» АҚ бөлімшелерімен өзара іс-әрекеті, сондай-ақ табиғи өрттерді сөндірудегі «Өрт сөндіруші» АҚ бөлімшелерімен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өзара әрекеті туралы».
Акционерлік қоғам Қазақстанда стратегиялық маңызы бар мұнай-газ кешені өнеркәсіптік кәсіпорындары, металлургия, атом өндірісі, сондай-ақ өмірмен қамтамасыз ету нысандарын өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта еліміздің барлық аймақтарында филиалдар құрылған.
«Өрт сөндіруші» АҚ Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы талаптарына сәйкес қызмет көрсетеді, онда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер атқаратын бірқатар міндеттер қаралған.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі