ДІН ӨКІЛДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облысының орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Олжаев, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев, дінтанушы Б.Оспанов әлеуметтік желі пайдаланушы жастармен және әлеуметтік желілердегі топ әкімшілерімен кездесті.
Мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында жастарға діни мағлұматтарды, ислам діні туралы ақпараттарды интернет сайттардан алу, уағыз тыңдаудың қауіптілігі турасында насихаттар айтылды. Жастар сауалдарына мамандардан тұшымды жауаптар алды.
«ВК» әлеуметтік желісін белсенді пайдаланушы жастар мен тіркелушілер мешіт имамдарымен бірлесе жұмыс жасап, тек сала мамандарына ғана сүйенетіндігін тілге тиек етті.