«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫНЫҢ 3 КҮНІНДЕ 39 ЖҮРГІЗУШІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
25-27 шілде аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.
Шараның 3 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың барлығы 1527 дерегі тіркелді. Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша) – 40, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 9-бөлігі) – 30, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы) - 214, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы) – 180, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы, 1-бөлігі) – 561, маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы) – 76, жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы) – 40, жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан құқық бұзушылығы (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы) – 10, басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы, 1-бөлігі) – 53, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы) – 72 құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, шара барысында жол жүрісі ережесін бұзған 39 қоғамдық автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 56 автокөлік айып алаңына жеткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі