ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА ШАҒЫН АУДАНДА ӘЛІ КҮНГЕ ЖӨНІ ТҮЗУ ЖОЛ ЖОҚ
Қызылорда қаласының «Сәулет» ықшам ауданындағы 31-көшеде құрылыстың бей-берекет жүргізілуінен аяқ басар жер қалмай барады, деп хабарлады «24 кз».
6 метрдей болып басталатын жолдың соңы жалғыз аяқ сүрлеуге айналған. Оның үстіне жаңбыр жауса, көше жүруге келмейді. Тұрғындар мәселеге жергілікті биліктің назарын аударуға сан мәрте тырыссақ та, құлақ асар емес деп қынжылады.
«Сәулет» ықшам ауданы 31-көше тұрғындары осыдан 10 жыл бұрын үйлерінің іргетасын қалай бастаған. Жаңа аудан, тақтайдай түзу жолдардың нобайын қағаз бетінен көрген жұрт іштей қуанып, көрікті көше келбетін елестетіп те қойған. Бірақ жылдар өте 31-көше тарылып, тіпті қала картасынан табылмай қалды.
Гүлмира Ысқакова, «Сәулет» ықшам ауданы №31 көше тұрғыны:
- Көше мәселесі бойынша барлық жерге, құзырлы органдардың барлығына, Жер комитетіне, «Нұр Отан» партиясына, қалалық әкімдікке жүгіндік. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Күзде, көктемде жаңбыр болса, мына жердің батпағы шығып, ешқандай машина жүре алмайды. Балаларымыз автобусқа мініп, сабаққа бару керек. Ол да мүмкін болмай тұр.
Айткүл Қартева, «Сәулет» ықшам ауданы 31-көше тұрғыны:
- Қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын үлкен кісілер де бар. Ешқандай жолға шығуға, жүруге мүмкін емес. Кейде жедел жәрдем шақырса, жете алмайды бұл жерге дейін.
Тәртібіне келсек, тұрғын үйлер көшеден 3 метр, ал ірі жолдардан 5 метр қашықтықта салынуы тиіс. Ал бұл көшедегі үйлердің орналасуы әркелкі. Соңында орналасқан жеке серіктестік жыл сайын құрылыс жүргізіп, жолды жабуға айналды.
Пақуатдин Шамұратов, Қызылорда қаласының бас архитекторы:
- Сол аумақта салынып жатқан құрылыс заңды тұлға «Берсігүр» деген мекеме салып жатқаны анықталды. 2015 жылы біз барып, құрылысты тоқтамға алу жөнінде ескерту қағазын бердік. Сонымен қатар аталған нысанға бөлім тарапынан, тиісті орган, прокуратура тарапынан да барып, анықталып зерттелді. Жер учаскесі өлшенді. Қазіргі таңда нақты құрылыс нысандарының заңдылығын зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Берік Сәрменбаев, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
- 2005 жылдары бізде жер өлшеп беру, GPS-құралдары болған жоқ. Ол кезде тек лентамен өлшейтін. Сонымен қазықтарын қағып беретін. Сол кезде жылжу кетіп қалған ғой. Міне естігендеріңіздей, жауапты тұлғалар бірі ескертумен шектелсе, бірі құралдың жоқтығына айтады.
Асылбек Шәменов, қала әкімінің орынбасары:
- Негізі бұл мәселелер ҚР «Жер қатынастары» заңына сәйкес 167-баппен сот шешімімен қаралады. Екінші мәселе бойынша бұл көшеге қазіргі таңнан бастап біз жобалау-сметалық жұмысын жасап жатырмыз. Осы құжаттамалар дайын болғаннан кейін біз тиісті министрлікке ұсынып, қаражатын қарастырып жатқанда өз кезегімен осы көшелерге жол түседі деп жоспарлап отырмыз.
Жалпы ағымдағы жылы облыс орталығы мен қала аумағындағы ауылдарда 150-ге тарта көше жөндеуден өткізіледі деп жоспарланған. Сәулеттіктер «енді сол тізімге еніп кетсек» деген үміттерін үкілеп отыр.