ЕРІКТІ ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
Таяуда «КОР» мұнай компаниясы Ащысай кен орнында Ерікті өрт сөндіру қщұрылымдары арасында «өрт қолданбалы спорты эстафетасынан» сайыс өткізілді. Аталмыш іс-шараны «Өрт сөндіруші» АҚ «КОР» компаниясының басшылығымен біріге отырып, ұйымдастырды. Сайысты атқарушы директор Д. Ұзақов ашты. Сайыстың аға төрешісі «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда филиалы тобының басшысы Б.Маржанов болды.
Аталмыш сайысқа 7 команда қатысты. Іс-шара өрттің алдын алу профилактикалық жұмыстарын жүзеге асыру, вахта қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және оны қамтамасыз етуге тарту мақсатында өткізілді. Мұндай сайыс түрі қажет және кез-келген төтенше жағдайға дайын болуға үлкенс ептігін тигізеді. Сонымен бірге, цехтар арасында бәсекелестікті арттырып, бірінші кезекте өзінің және әріптестерінің өмірі мен қоршаған ортаға залал тигізбеуге жауаптылығын көрсетеді. Көптеген жанкүйерлердің қолдауы берілген тапсырмаларды дәл орындауға ықпал етті. Қатысушылар өрт сөндіргіш құралын қолдана отырып, өрт сөндіруде, кедергілер арқылы жүгіруде, басқа да жаттығуларда шеберлік танытты. Жүлделі орындар үшін күрес сайыс басынан-ақ басталып кеткен болатын. Сайыстың мәресіне дейін кімнің жеңіске жететін анықтау мүмкін емес болатын. Әрбір цехтың өкілдері барлық сайыс тапсырмаларын жүз пайызға жеткізіп, орындады. Сонымен бірге, жүлделі орын иеленуші командалардың жинаған ұпайларының санында да жоғары айырмашылық болмады.
Жаттығудың үш түрі бойынша жалпы командалық есеппен жүлделі орындар төмендегіше болды:
1 орынды «ИТР» командасы иеленді, құрамында: М.Балапанов, О.Байманов, А.Жақсылықов болды.
2 орынды «Химиялық лаборатория» тобы иеленді, құрамында: Е.Толысбаев, Б.Орынбаев, Ғ.Бисенов болды.
3 орынды «ДНГ» командасы иеленді: Т.Сафин, Б.Ақтаев, К.Сафин болды.
Қызылорда облысы ТЖД
баспасөз қызметі