МИЯ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ ТОҚТАП ТҰР?
Қызылорда облысындағы құны 2 млрд. теңгеден асатын мия зауытының жұмысы тоқтап тұр. Оған тараптар арасындағы даудың сотқа жетуі себеп, - деп жазады «Халық» газеті.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р.Сұлтангереевтің айтуынша, зауытты іске қосу үшін облыстық, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Оның жұмысы «БИС-Групп» серіктестігі мен Қытайдың «Борихунда» сауда компаниясының екіжақты келісімімен жүргізілген.
- Қазіргі кезде екі компания арасында акцияларының бақылау пакетін бөлу бағытында сот процесі жүргізілуде. Осы мәселе шешілген соң зауыт қайтадан жұмысын бастауы мүмкін. Бірақ біз барынша осы мәселені біржақты етуге тырысып, мүмкіндігінше қайтадан іске қосуға талпынып жатырмыз, - дейді басқарма басшысы.