ҚЖЭО МЕКЕМЕСІ ЖЫЛУҒА БЕРЕШЕГІ БАР ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЖАРЫҚ ЖЕЛІСІНЕН АЖЫРАТПАҚ
Бүгінде тұрғындарды жылумен қамтамасыз етіп отырған ҚЖЭО-ның өзіне де көмек қажет. Қиындық неден туындап отыр? Аталған мәселеге байланысты рейд ұйымдастырылды. Түйткіл мынада. Тұтынушылар 3-4 жылдап жылудың ақысын төлемейтін көрінеді. Әсіресе, бұл кәсіпкерлер және пәтер жалдаумен айналысатын азаматтарға тән. Осының салдарынан кәсіпорын қаржылық қиындықтарға тап келген. Сондықтан ҚЖЭО мекемесі «Қызылорда электр тарату торабы» МКК-мен келісімге келіп, жылуға берешегі бар тұтынушыларды жарық желісінен ажыратпақ, сонымен қатар, жылуға төленбеген қарызға күнделікті 1,5 пайыздық үстеме қосылып отырады. Жіберілген ескерту хатты елемесеңіз, сотқа шақырту аласыз.
– Тұрғындардың жылуға қарызы көбейіп кетті. Мәселен, А.Тоқмағамбетов көшесінің бойындағы №1, 2, 3, 22, 25, 27 үйлердің тұрғындарының қарызы 2 миллион теңгеден асып жығылады. Ал қала бойынша тұрғындардың жылуға берешегі 367 миллион теңгеден жоғары. Егер төлемеген жағдайда электр жарығын ажыратамыз. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің де жылуға қарыздары бар. Осының салдарынан «ГазТрансГаз Аймақ» компаниясына берешегіміз өсіп кетті. Оның үстіне кәсіпорында 700-ден аса қызметкер бар. Олардың да айлық жалақысы осы ақшадан төленеді,- дейді «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нің экономика және қаржы саласы бойынша орынбасары Берік Төренияз.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы