ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ БАЗАРЫНА ТҮНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Қызылордадағы мал сататын базар прокурорлардың талабы бойынша енді тек күндіз ғана жұмыс істейді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Түнгі үштен түске дейін жұмыс істеп келген мал базары енді өзге базарлар секілді демалыс күндері таңертең ашылады.
«Түнгі базарда ұрланған, ауру-сырқау малдар жиі саудаланатын болды. Осылайша біз халықтың құқығын қорғайтын боламыз», – дейді Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Руслан Райханов.
Прокурорлар халықты мал сатып аларда ветеринарлық төлқұжатын талап етуге үйретуде.
«Халықтың малдың тиісті құжаттарын, ветеринарлық төлқұжатын талап етуге құқылы екенін білмеуі және қажет болған жағдайда құжатта көрсетілген мәліметтерді малдың сырғасындағы дерекпен салыстыру қажет екеніне аса мән бермеуі мал ұрлығын көбейтіп отыр», – деп атап өтті облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейіл.
Жалпы, облыстық прокуратураның ақпараты бойынша, аймақта мал саудасын ретке келтіретін кез келген. Бір қызығы, Қызылорда облысының аумағында - Қызылордада және Шиелі кентінде ресми түрде тек 2 базар тіркеліпті.
Ал облыста 3 қала, 7 аудан орталығы, 265 ауыл бар. 2 базар бүкіл облыстың сұранысын өтей алмайтыны сөзсіз, демек мал саудасы белгіленбеген жерде, заңсыз жасалып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында жыл басынан бері бруцеллезбен ауырған 170 бас мал жойылды. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 520-ден астам сиырдан бруцеллез анықталып, сойылды.