ҚЫЗЫЛОРДАДА 170 БАСТАН АСТАМ МАЛДА БРУЦЕЛЛЕЗ АНЫҚТАЛДЫ
Жыл басынан бері Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың қожалықтарындағы 170-тен астам малда бруцеллез ауруы анықталып, жойылды, - деп хабарлады BNews.kz.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын тексеру кезінде ветеринарлар 63 сиыр мен 109 қой-ешкіден оң нәтижені анықтады, - дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов. – Барлық ауру мал санитарлық союға жібенрілді. Ал егелері өтемақы алды. Азаматтарға ауру мал ұсталған қораларды залалсыздандыру қажеттігі түсіндірілді».
Әпетов атап өткендей, жаздың ыстығына қарамастан малдар арасында қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
Басқарманың мәліметіне қарағанда республикалық бюджеттен ветпрепараттар алуға 635,9 млн. теңге бөлінді. Одан басқа энзоотикалық аурудың 6 түріне қарсы препараттар алу үшін облыстық бюджеттен 167,9 млн. теңге қаралды.