БІРНЕШЕ РЕТ ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТЕ БІЛГЕН ЖАН
Қызылордалық Әмірхан Бекмағамбетов он бес жылдық еңбек өтілінде талай жанның өмірін ажалдан арашалап қалды. Оның өткен қытымыр қыста қызыл жалын ортасында қалған қос жеткіншек пен жапан түзде жоғалған 3 жасар сәбиді құтқарғанын біреу білсе, біреу білмес.
«Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, төтенше жағдайлар қызметкерін қырағылығы үшін сала басшылығы «Құрмет» грамотасымен марапаттаған. Әмірхан Бекмағамбетов 2012 жылы да өз өмірін қатерге тігіп, отқа оранған үйдің ішіндегі 2 жеткіншекті құтқарып қалған еді. Бейбіт күннің батыры бұл ісін: «Ерлік емес, қызметтік міндетім», - деп есептейді.