САРҚЫНДЫ СУДЫ БҰРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ БОЙЫНША ЖЕКЕ ШАРТ ЖАСАУДЫ НҰСҚАДЫ
Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-нің сарқынды суды бұру қызметіне шарт жасасудан бас тарту әрекеттеріне қатысты «Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС-нің арызын қарады.
«Шиелі-Энергосервис» ЖШС суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру, электр энергиясын беру және бөлу қызметтері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімнің Қызылорда облысы бойынша жергілікті бөліміне енгізілген. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңның 7-бабының 8-тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектiсi уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң әрбiр түрiне тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға міндетті.
Сонымен қатар заңның 7-бабының 12-тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі реттелiп көрсетiлетiн қызметтер ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге міндетті.
Алайда, сарқынды суды бұру қызметі бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Шиелі-Энергосервис» ЖШС реттеліп көрсетілетін сарқынды суды бұру қызметіне «Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС-мен шарт жасасудан бас тартқан, нәтижесінде заңның 7-бабының 8, 12-тармақшаларының талаптары сақталмаған.
Департамент тарапынан енгізілген нұсқамаға сәйкес «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-не сарқынды суды бұру қызметін көрсетуге «Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС-мен жеке шарт жасасу нұсқалды.
Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау департаменті