ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 967,8 МЛН. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 7-2) тармақшасы табиғи монополия субъектілерін тарифтiк сметаны орындауға міндеттейді. Алайда, субъектілермен Заңның бұл нормалары әрдайым сақталмайды және тарифтік сметаның орындалуы бекітілген тарифтік сметамен анықталған шығындар баптарына сәйкес жүргізілмейді.
Осыған орай, уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Осылайша, ТМС-нің 2015 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаларының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 23 субъекті бойынша 42 уақытша өтемдік тарифтері қолданыстағы тарифтерден 0,11 пайыздан 33,55 пайызға дейін төмендетіліп енгізілді, қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып тұтынушыларға қайтару сомасы 967,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде реттелетін салалар бойынша:
сумен жабдықтау – 275,4 млн.теңге;
суды бұру – 129,4 млн.теңге;
электр энергетикасы – 236,6 млн.теңге;
жылу энергетикасы – 297,1 млн.теңге;
аэропорт – 14,6 млн.теңге;
кірме жолдар – 14,7 млн.теңге.
Жылуэнергетика саласында облыс бойынша 2 субъект қызмет корсетеді, екі субъектіде «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ны және «Қазалы-Теміржолжылу» МКК-ны шығындардың кейбір баптары бойынша игермеуге жол берген. Мысалы, базалық субъект «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтерінің тарифтері 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 3,5%-ға төмендетілді, ал қайтару соммасы 284,12 млн.теңге құрады. Осылай, тұрғындар үшін жылудың төлемақысы 1 текше метрге ҚҚС-мен 92,76 теңгені құраған болса, онда осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұрғындар 1 текше метрге ҚҚС-мен 89,47 теңге төлейтін болады.
Сумен жабдықтау және суды бұру саласында 13 субъект қызмет көрсетеді. Өткізілген талдау нәтежесінде 10 субъектіге бекітілген тарифтен 0,34%-дан 14,0%-ға дейін төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер енгізілді.
Қызылорда қаласы бойынша осы жылдың 1-ші тамызынан бастап базалық субъект - «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның халық үшін орташа босату тарифтері бекітілген тарифпен салыстырғанда сумен жабдықтау қызметі бойынша 1,2%-ға және сарқынды суды бұру қызметі бойынша 3,9%-ға төмендетілді.
Кірме жолдар саласында 17 субъект қызмет көрсетеді. Өткізілген талдау нәтежесінде 9 субъектіге бекітілген тарифтен 4,1%-дан 33,6%-ға дейін төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер енгізілді.
Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау департаменті