СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ
Облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен кеше қаладағы жағажайларда тынығушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында, «Қауіпсіздік ережесін сақтайық!» атты қоғамдық рейд өткізілді.
Аталмыш рейдке облыстық ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі Алмат Смайылов, облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция майоры Бақытжан Көшімбаев және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Мейрамбек Доспенбетов қатысты. Рейд барасында жағажайлардағы тынығушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы қауіпсіздікті сақтау мақсатында дайындалған үнпарақтар таратылды.