ҚЫЗЫЛОРДАДА ДОЛАНА ӨСІРГЕН БАҒБАН
Иә, ауа-райы жағынан ыстығы да, құрғақтығы да басым аймаққа жататын Қызылорданың жазы ерекше. Климатына мән берген көпшілік «Бұл жақта ағаш оңайлықпен өспейді» деп жатады. Бірақ, олай емес. Біз жақта да жемістің, гүлдің түр-түрі өседі. Тіпті, шыршаның да алуан түрін кездестіруге болады. Қалаға қарасты «Арай» мөлтек ауданында есік алдын бау-бақшаға айналдырған бағбан бар. Қала тұрғыны Келдібай Бектұрғановтың есімі көпшілікке танымал деп айтсақ қателеспейміз. Себебі, ол өмірінің біразын қаладағы, облыстағы аяқ су мәселесінің оңтайлы шешілуіне, көгалдандыруына көңіл бөлген. Бүгінде зейнетке шықса да жасыл-желекке жаны құмар. Бізді қызықтырғаны долана мен анар жемісі болды. Өйткені, бұл жемістер таулы аймақта жақсы өседі.
– Дәрілік мақсатта оның жемісі мен гүлін пайдаланады. Одан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады, – дейді Келдібай бағбан. Міне, Келдібай ағаның ауласындағы 4-5 жылдық долана ағашы күзде мол жеміс бергелі тұр. Келдібай ағаның ауласындағы анар ағашы осы жазда гүлдеп тұр. Бағбанның айтуынша, бұл ағаштың жеміс беруі әлі алда.
Бағбандықтың қыр-сырын жақсы меңгерген ағамыздан осы жемістерді жайқалтып өсірудегі құпиясын сұрадық.
– Ешқандай құпиясы жоқ. Тек аянбай еңбек етуі керек. Өйткені, ағашты отырғызып, одан бақ жасау үлкен жауапкершілікті, жұмысты талап етеді. Соның арқасында нәтижесін көресің. Өзім қол қусырып, жұмыссыздықты қолдан жасайтындарды ұнатпаймын. Бүгінгі күн жалқаулықты көтермейді. Еңбек еткен берекелі болады. Оған қоса Қызылордада ешқандай ағаш өспейді дегенге қарсымын. Себебі, небір ағаштар өседі, – деді.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ