ҮЙДЕН ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН БІЛДІ
Аймағымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді.
Жоба аясында «Балалар – біздің болашағымыз» ерікті жастар тобы құрылып, үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға өз қамқоршылығын көрсетіп жүр. Шараның негізгі мақсаты – үйден оқытылатын жастарды статусын көтеру және олардың қоғамға бейімдеу.
Ерікті жастар Шиелі мен Жаңақорған аудандарындағы үйден оқытылатын оқушылар Мерей Төленді (6-сынып оқушысы, туылғаннан ДЦП ауыруына шалдыққан), Айшолпан Жұмаділова (4-сынып оқушысы, бас жүйке жүйесі зақымданған), Нұрай Әзиз (4-сынып оқушысы), Айсана Алмабекованың (оң көзі зақымданған, 10-сынып оқушысы) үйіне барып, жағдайларын білді.
Білімге құштар, жаңалықтарға бейім, көңілі көтеріңкі балалардың жағдайымен танысу еріктілерге тәжірибе болды. Облыстық ерікті жастар тарапынан оқушыларға «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты фотокристалл табысталды.