ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЗА ТАПҚАН ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Бүгін Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері, Ұлттық Ұланның 5547 әскери бөлімі, Шекара қызметінің 2219 әскери бөлімі департамент жанындағы Тағзым алаңында жиналып, 18 шілдеде Алматы қаласында орын алған атыста қаза болған әріптестерін еске алып, рухтарына тағзым етті.
Шараға «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы мен Қызылорда облысының «Ауған соғысының Ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Камалов Ғалымжан Тәкенұлы қатысып, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында қаза болған тәртіп сақшылары жайлы жылы лебіздерін білдірді.
Жиын барысында Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев сөз алып, бейбіт күнде ерлік көрсетіп, Отан алдындағы антына адалдық танытқан полиция қызметкерлерінің отбасына, туған-туыстарына көңіл айтатындықтарын жеткізіп, олардың жанқиярлығы мен қайсарлығы халқының жадынан өшпейтіндігін, нағыз ерліктің ерен үлгісі болып қалатындығын атап өтті.
Шарада ішкі істер органдары қызметкерлері мен қатысушылар айбынды полиция қызметкерлерін еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Айта кетерлік жайт, қызылордалық тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына материалдық қолдау көрсету мақсатында 1 күндік жалақыларын аударатындықтарын жеткізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі