АУЫЛ ӘКІМІ ПАРА АЛЫП ЖАТҚАН ЖЕРІНЕН ҰСТАЛДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын Сырдария ауданы Бесарық аумағының әкімі Қ.Смағұловты қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қ.Смағұловтың ҚР заңнамасында бекітілген Ережелерді сақтамай жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін жеке тұлғадан 200000 теңге сомасында пайдакүнемдік ниетпен пара алғандығы анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Қазақпарат»