3 МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЫЗЫ 10 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛДІ
Қызылорда облысында 482 қызметкерге 119,6 млн. теңге берешегі бар 6 ұйымнан 108,9 млн. теңге мәжбүрлеп өндіріліп, 418 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды.
Мысалы, «РМЗ-Шапағат» ЖШС тарапынан 195 жұмысшыға 2016 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығына 75,4 млн. теңге жалақы қарызы анықталды. Қызылорда қалалық прокуратурасы тарапынан 15.06.2016 жылы заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.
Алайда, ұйғарым ерікті түрде орындалмаған соң мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығарылып, облыс бойынша жеке сот орыншылар өңірлік палатасына жолданды. Мәжбүрлеп өндіру шаралары арқылы 14.07.2016 жылы 195 жұмысшыға жалақы толығымен төленді. Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы тарапынан серіктестікке 424200 теңге айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта 64 жұмысшы алдындағы 3 мекеменің қарызы 10 млн. теңгеге дейін төмендетілді.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі