АЛАЯҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ БЖЗҚ САЛЫМШЫЛАРЫН АЛДАУДА
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атын жамылған жалған қауымдастықтардың алаяқтық және заңсыз ақша жинау әрекеттері жиілеп кетті, - деп жазады BNews.kz.
Арампиғылдылар мәліметтер базасы өзгерді немесе кеңсе басқа мекенжайға көшті деген түрлі желеумен жеке мәліметтерді беруді сұрап, бермеген жағдайда жеке зейнетақы шоты бұғатталатынын айтып қорқытатын болған.
«Осыған байланысты қандай жағдай болмасын, жеке мәліметтерді хабарламауды сұраймыз, сондай-ақ «Жеке мәліметтер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңына сәйкес, БЖЗҚ жеке мәліметтерді жинауды және өңдеуді тұлғаның келісімімен жүзеге асырады», – деп жазады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
БЖЗҚ азаматтардың жеке мәліметтерін жинауды көздейтін сұрау салуды және әлеуметтік желілерде жеке хабарламалар жіберу арқылы салымшыларға (төлем алушыларға) үндеу жарияламайды.
Қордың ресми парақшалары хабардар ету мақсатында жұмыс істейді, сондай-ақ салымшыларды (төлем алушыларды) құлағдандыру үшін қосымша ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ ресми парақшасына сілтемелер қордың www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.