ІСМЕР КЕЛІНШЕК ЖЕКЕ ЦЕХЫ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ
Он саусағынан өнер тамған қызылордалық Күнсұлу Испанованың «Ай-Күн» тігін шеберханасында қыз жасауы, көрпе, көрпеше, жастық, қоржын, матрастар мен балабақшаларға арналған төсек жабдықтарының барлық түрлерін заман талабына сай етіп тігеді.
Облыстық «Сыр бойы» газеті жазғандай, Күнсұлу 2011 жылы қызы Жанармен бірлесіп «Ай-Күн» жеке кәсіпкерлігін құрады. Жанар да анасынан үйренген өнерін дамытып, осы салаға әбден машықтанып алған. Бүгінде кәсіпкер 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның екеуі жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы келген. Жалға алып отырған тігін цехында жұмысшыларға жағдай жасалған. Соңғы үлгіде шыққан 4 тігін машинасын Қытайдан алдырыпты.
«Жеке цехым болса, жұмыс көзін одан әрі кеңейтер едім. Сол себепті «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан жеңілдетілген несие алсам деймін», - дейді Күнсұлу.