АРАЛ: БЕС ЖҮЗ ҚҰЛАН БАРСАКЕЛМЕСТЕН КЕЛМЕСКЕ КЕТТІ МЕ?
Қазақстанның «QazaqGeo» атты ұлттық географиялық қоғамдастығы 12 күнге созылған «Ұлытау-Арал» экспедициясын сәтті аяқтап, Астанада журналистерге екі аптаға созылған жұмыстарының қорытындысын жария етті, - деп жазады Қазақпарат.
Жалпы, бұл экспедицияның болашақта Арал теңізіне қатысты жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларына негіз бола алады. Себебі, экспедиция барысында жүргізілген геодезиялық өлшеулер ғарыштық суреттердің координаттарын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Экспедиция мүшелері пайдаланған «Лейко-20» құрылғысы арнайы референстациялардың қашықтығына қарамастан, өте жоғары дәлдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Назарбаев университеті мен «QazaqGeo» ұлттық қоғамының арасындағы жұмыстың нәтижесінде, Назарбаев университетінің профессоры Жанай Сағынтаев деген кісінің бастамасымен, мен және Назарбаев университетінің кіші ғылыми қызметкері Назым Төлегенова осы экспедиция жұмысына қатыстық. Экспедиция барысында далалық геодезиялық зерттеулер жүргіздік. Яғни, геодезиялық өлшеулер жасадық. Мұның не қажеті бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл геодезиялық өлшеулер болашақта ғарыштық суреттерді географиялық байлау үшін, яғни, олардың координаттарын дәлірек анықтау үшін қажет», - деп түсіндірді Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында экспедицияға қатысушы, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның фотограмметриялық мәліметтерді өңдеу тобының 2-ші дәрежелі инженері Қанат Самарханов.
Экспедиция аясында отыз нүкте зерттеліп, «Лейко-20» атты заманауи құрылғы пайдаланылған. «Маршрут барысында жұмыс кезінде Қазақстандағы лейко өкілдігінің ұсынған приборы «Лейко-20» деген құрылғыны қолдадық. Оның ерекшелігі өте жоғары дәлдікті береді. Яғни, арнайы референс станциялардың қашықтығына қарамастан, екі жарым метрдей дәлдік алынды»,-деп түсіндірді Қ.Самарханов.
Қанат Самарханов бұл экспедицияның бюджет қоры бір миллион теңге шамасында болғанын хабарлады. «Біз бұл жобаны Евразиялық топ, «Востоксветмед» және «Қазақмыс» корпорациясы деген мекемелердің қолдаумен жүзеге асырды»,-дейді Қ.Самарханов.
«ҚазАқпарат» тілшісінің сұрағына жауап бере келе экспедиция мүшелері Арал әлеуметінің қазіргі жай-күйі мен өңір халқының денсаулығы, әсіресе, балалар арасындағы ішек ауруларының таралу деңгейі жайлы айтып берді.
«Әлеуметтік жағдайды айтсақ, бұрынғыға қарағанда Арал өңірінде әлеуметтік жағдай жақсарып келеді. Балалар арасындағы бүкіл ауру ауыз судың арамдығынан еді. Былтыр Арал-Сарыбұлақ су құбырының соңғы кезеңі аяқталып, қазір Арал ауданы, Қазалы ауданы толықтай таза ауыз сумен қамтылды. Бұл - бір. Екіншіден, Арал қаласына былтыр газ тартылды. Аралда газ бар», - дейді экспедицияның тағы бір мүшесі Бекнияз Болат.
География ғылымдарының докторы, Аралды сақтау жөніндегі халықаралық қордың өкілі Бекнияз Болат сондай-ақ Аралды алаңдатып отырған бірсыпыра проблемалардың бар екенін жасырмады.
«Сол өзекті проблеманың бірі Арал өңірінде Ақбасты деген елді мекен бар. Ол жерге су құбыры тартылмаған. Қазір Арал қоры сол мәселемен айналысып жатыр. Екіншіден, Барсакелмес қоры, ол жерде бес жүз бас құлан бар. Құландар теңіз тартылғаннан кейін, басқа жаққа ауып кетті. Қазір сол құландарды мекеніне қайтару мәселесіне де үлес қоспақпыз. Ол жерге скважаина бұру керек немесе кішігірім су қоймасын жасауымыз керек»,-деді Б.Болат.
Арал өңірінің хал-жағдайынан сыр шертетін суреттерді қоса ұсынып отырмыз.