МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ӘЛІ ДЕ НАСИХАТТАЙ БЕРУ КЕРЕК
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен «Медиация институтының қызметін ілгерілету: тәжірибелері мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы және медиация заңын іске асырылу туралы өзара пікір алмасты. «Tura Bi» медиация және сот әділдігін қалпына келтіру» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысындағы филиалының директоры Нұрлан Нұрғалиев «Медиация» туралы заңды жүзеге асыруда өзара ынтымақтасып жұмыс жасау қажеттігін айтса, КФОФ «Арылу», координаторы, кәсіби медиатор Елена Захарченко және кәсіби емес медиатор Талғат Сақтағанов өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Дөңгелек үстел қорытындылай келе, медиация институтын халық арасында әлі де насихаттау керектігін айтып, дау-жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік барын жеткізді.