ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАҒАЖАЙЛАР ЖЕТІСПЕЙДІ
Сырдарияның зерттелмеген қауіпті тұстары көп. Қызылорда облысы аумағынан өтетін өзенде арнайы белгіленген жағажайлар тым аз, деп хабарлады «24 кз».
Соның салдарынан осы жылдың 6 айында 17 адам суға ағып кеткен. Олардың 9-ы - бала. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындардың су айдындарына түсуіне кедергі бола алмайды. Судан құтқару қызметі тек ескерту жасаумен шектеледі. Бірақ оған құлақ асып жатқаны некен-саяқ. «Алысқа жүзбе, су ішінде ойнама, жағажайда ішімдік қолданбаңдар»-деген құтқарушылар ескертуін қызылордалықтар күнде естіп, жауыр болған. Дегенмен 40-50 градустық ми қайнатқан аптап ыстықта тұрғындар дарияға барып салқындап, аптығын басады.
Ольга Колгинова, қала тұрғыны:
- Таңдай кептірген ыстықтан тек осы жерде ғана сая табамыз. Күнара отбасымызбен келеміз. Әсіресе балалар шыдамайды. Басқа жерге кетпесін деп кіру ақысы 300 теңге болса да қаладағы таза әрі құтқарушылармен қамтылған жалғыз жағажайға алып келемін.
300 мыңнан астам тұрғыны бар облыс орталығына жалғыз жағажай аздық етеді. Қаланың арғы-бергі шетінен келуді қиынсынған қызылордалықтар өзеннің үйіне жақын жердегі бөлігіне барып күмп беріп шомылуды жөн санайды.
Бақтияр Тұрманов, облыстық ТЖД бөлім басшысы:
- Қызылорда облысында ең үлкен су айдыны 1270 шақырымға созылатын ұзындығы Сырдария өзені. Өзеннің ерекшелігі ағысы күшті. Күннің, ауа-райы температурасының жоғары болуына байланысты халық оның ағысына қарамастан суға шомылуға келеді. Шомылғандар қауіпсіздік сақтамай, белгіленбеген жерлерге, орындарда суға түсіп, судан зардап шегу, қайғылы жағдайлар орын алып жатыр.
Жағажайдан бөлек мамандандырылған құтқару бекеттері де жеткіліксіз. Аймақ бойынша тек Қызылорда және Арал қалаларында ғана бар. Тіпті облыс орталығына тиіп тұрған Сырдария ауданында да сақтық бекеттері ұйымдастырылмаған.
Нұрбол Бақтияр, Сырдария аудандық ТЖ бөлім басшысының міндетін атқарушы:
- Аудан көлемінде арнайы суға түсетін жағажай орналаспаған. Яғни бейімделген суға түсетін орындар жоқ. Белгіленбеген аудан көлемі Сырдария жағалауында орналасқандықтан жазда бала, үлкендер болсын барлығы белгіленбеген орындарға суға түседі.
Мәселенің мән-жайынан жергілікті билік хабардар. Өңір басшылығы жыл аяғына дейін облыстың барлық 7 ауданында құтқару құрылғыларымен қамтылған арнайы жағажай ашу жұмыстарына кірісіп те кетті. Ал әзірге мамандар таратқан үнпарақтар мен дыбысты ескертулерінен нәтиже күте тұруға тура келеді.