ҚҰС ӨСІРУШІ ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Шиелілік Мейрамхан Ахметұлы құс шаруашылығын қолға алды. Ол әуелі жан-жағын барлап, құс өсірудің қыры мен сырын үйреніп, оларды көбейтудің жолымен танысты, - деп жазады «Сыр бойы» газеті.
Жас жігіттің талабы ескеріліп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 1,5 млн. теңге қолға тиді. Осы қаржыға үйінің ауласынан құс бағатын тауық қорасын салды. Қыста тоңбасын деп жылы кепесін де қамтыды. Сонан соң ғана барып, Түркістан қаласынан 30 күркетауық сатып әкелді. Алғашқыда күркетауықтарға қаз бен үйректің және тауықтың жұмыртқаларын бастырып, балапан өсіруден бастады. Олардың өсуі қиындау екен, алғашында шығындары да болды. Дегенде, тырысып жүріп, қаз бен үйрек балапанын 50-ге жеткізсе, түйетауығының да қарасын осымен шамалас етті. Олардан басқа үйреншікті қазақы 100 тауығы тағы бар.
Мейрамхан сондай-ақ мемлекеттік грант ұтып, 800 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. Бұл ақшаға 500 балапан шығаратын инкубатор аппаратын алды. Алдағы уақытта Ресейден бройлер тауығының жұмыртқасын алып, көбейтуді жоспарлап отыр.