«ЕҢБЕК АДАМЫ» АТТЫ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Елбасы Н.Ә.Назарбаетың Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып жарияланғаны белгілі. Елімізде алғаш рет атап өтіліп жатқан «Еңбек күні» мерекесіне орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінде «Еңбек адамы» атты ардагер ұстаздардың қатысуымен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу барысында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры, б.ғ.к. А.Ерназаров, ак.доцент З.Қ.Сексенбаева, «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Х.Е.Нұғмановалар еңбек жолындағы қиыншылықтар мен қуанышты сәттер жайлы әңгімелеп, жастарды елімізге аянбай адал еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ, кездесуде студенттер оқытушы-профессорларға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алысты.
Кеш соңында ардагер ұстаздарға гуманитарлық-педагогикалық факультетінің атынан естелік кітаптар табысталды.