МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ АРҚАУ БОЛДЫ
Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев және бас мамандары Нұржан Сүлейменов, Қабланбек Әбдіраманов мемлекеттік қызметке орналасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет қағидалары мәселелері бойынша Сырдария ауданының Жетікөл, Айдарлы, Бесарық және Амангелді ауылдық округтарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Атап өту керек, жастарды мемлекеттік қызметке түсудегі тестілеуден өту, аудандық және облыстық деңгейдегі бос орындар, өтілімі мен білімі бойынша талаптар мәселелері қызықтырды.
Ыстық ауа райына қарамастан Бесарық және Айдарлы елді мекендерінің тұрғындары белсенділік танытты. Тұрғындар осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, заңдарды білмеу олардың бұзылуына алып келетіндігін айтты.