«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА
13-14 шілде күндері Шиелі ауданының Бәйгеқұм елді мекеніне «Денсаулық» пойызы келді. Пойыздың медициналық қызмет көрсету құрамында 17 қызметкер жұмыс жасады.
Оның ішінде 7 дәрігер, 9 мейірбике және 1 компьютер бағдарламашысы бар. Сонымен бірге медициналық пойызда невропотолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография, эндоскопия, ЛОР, педиатр, окулист, стоматолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық, клиникалық лаборатория қызмет атқарды.
Сондай-ақ Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай, Бәйгеқұм, Бала би, Жөлек, Ортақшыл, Жуантөбе кентінің 600-ден астам тұрғынына медициналық қызмет көрсетілді. Тұрғындар негізінен қан қысымы, жүрек ауруы және көз ауруы туралы көбірек шағымданған.
19 шілдеге дейін мамандар Жаңақорған ауданының Екпінді, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық стансаларының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы