ҚЫСҚЫ ДАЙЫНДЫҚҚА МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛМАҚ
Қызылорда облысында білім беру нысандарын қыс мезгіліне, атап айтқанда, жылу беру маусымына дайындау жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамовқа сілтеме жасап.
Қыс мезгіліне дайындық оқу жылы аяқталысымен-ақ басталған екен, сәтін салса, қыркүйектің соңына дейін аяқталмақ. Жылумен жабдықтау, коммуникация желілерін жөндеу кестесі жасалған. Отын сатып алынып жатыр. Мұның барлығына миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген, оның 90%-ға жуығы қазірдің өзінде игеріліпті.
Қызылорда облысында 290-нан астам мектеп, 555 балабақша, 46 өзге де нысандар бар.