СОТТАЛҒАНДАРДЫ ТҮЗЕУ ЖӘНЕ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ БАСТЫ НАЗАРДА
Бас бостандығынан айыру орындарында жүзеге асырылатын Бас прокуратураның «Түрмедегілердің санын азайтудың 10 шарасы», «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017», «Ресоциализация: сен қоғамға керексің!» жобалары – Қызылорда облыстық прокуратурасының назарында.
Аталған жобаның мақсаты – сотталғандарды түзеу және қоғамға бейімдеу. Осы тұрғыда облыста 10 кәсіпкер қызығушылық танытып, түзеу мекемелерінде жаңа өндіріс орындарын ашты. Қазіргі таңда 207 бас бостандығынан айырылғандар жұмыспен қамтылған. Одан басқа 5 жазасын өтеуші қолөнер саласында жеке еңбекпен айналысу мүмкіндігіне ие болды.
Мысалы, қатаң режимді ЗК-169/5 колониясында «Бек-Ай-Групп» ЖШС-мен ағаштан бұйымдар жасау бойынша цехі қызметке қосылды. Егер өткен жылы кірпіш зауыты тек ЗК-169/4 қоныс колониясының аумағында болса, қатаң режимді ЗК-169/5 колониясында күйдірілген кірпіш өндіру зауытын іске қосу жоспарлануда. Осылайша, облыстағы колонияларда жұмыспен қамту 71%-ды құрап, республика бойынша жоғарғы көрсеткіш екенін атап өткен жөн.
Жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы олардың түзелуіне ықпал етуде. Бұған түзеу мекемелеріндегі қылмыстылық ахуал көрсеткіштері дәлел. Мысалы, биыл 6 айда сотталушылар арасындағы құқықбұзушылықтар саны 21,5% (42-ден 33-ке), сонымен қатар қасақана қылмыс жасау 61%-ға (23-тен 9-ға) азайған.
Егер өткен жылдың 6 айында жазасын өтеушілермен 2 қылмыс жасалса, биыл бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Жыл сайын бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын босағандардың саны артуда: 2014 жылы – 229, 2015 жылы – 335 жазасын өтеуші құрайды, яғни 35% өскен. Түрмедегілердің санын азайту бойынша үрдісі жалғастырылуда, жыл басынан бері 175 адам босатылды.
Бүгінгі таңда жазасын өтеушілер кезекті рақымшылықты күтпестен, өз еңбектері мен тәртібі арқылы өзінің түзелгенін дәлелдеу мүмкіндігіне ие болды. Түрме реформасын жүзеге асыру туралы жобасы өзінің оң нәтижелерін беруде.
Аталған жобаның аясында сотталушылардың арасында жазаны өтеу тәртібін бұзу саны, оның ішінде тәртіптік изоляторға тоғытылғандардың саны 18-ден 5-ке дейін азайды.
Сонымен қатар, тәртіпті сақтауға және бостандыққа шығуға мүдделік танытуда.
Өндірісте жұмыс істеп және бұзушылыққа жол бермеген жазасын өтеуші шартты түрде мерзімінен босатылуына (сотталушылардың 42 өтінішінің 37 қанағаттандырылған), жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл түріне ауыстыруға (сотталушылардың 134 өтінішінің 117 қанағаттандырылған) құқылы.
Облыстық прокуратураның бастамасымен жазасын өтеушілер мен олардың туыстарына жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру мәселесін түсіндіру үшін жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру 1-ден 35-ке дейін өсіп, айыппұл сомасы 11,4 млн. теңгені құрады.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды қоғамға бейімдеу мәселесі де прокуратураның тұрақты бақылауында.
Осы бағытта «Жаза өтеу орындарынан босатылғандарды қоғамға бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін бастады. Мекемеде 11 қызметкер жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамту, білім алу, мамандықты меңгеру және басқа да мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі