ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері Жаңақорған және Шиелі аудандарының 8 ауылдық округтерінде халықпен кездесулер өткізді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Кездесулерде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, мемлекеттік қызмет лауазымдарына орналасу тәртібі, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік жұмыстарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптары мен түрлері бойынша материалдармен таныстырылды. Жалпы кездесулердге 300-ден астам адам қатысты.
Осындай шаралар Жалағаш және Қармақшы аудандарының ауылдық округтерінде жүргізіледі.