БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
2016 жылғы 13 шілдеде Қызылорда облысында екінші рет Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің «қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» мекемесінде Қызылорда қаласы бойынша пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Іс шараны Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы ашып, өткізіліп отырған жәрмеңкенің мақсаты жазасын өтеу орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсетіп, бірінші кезекте жұмыспен қамту екендігін айтып өтті. Келесі сөз Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет майоры Тұрсынбаев Талғат Қуанышұлына берілді. Талғат Қуанышұлы іс – шараны ұйымдастырып отырған мекемеге рахметін айтып, азаматтарға мамандықтары бойынша жұмыс табуларына тілектестік білдірді. Аталған жәрмеңкеге пробация есебінде тұрған 47 тұлға қатысты. Қаланың 17 мекемесінен 177 бос орындарына сұраныстар болды. Оның ішінде облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы жастар ресурстық орталығы «Студенттік жастардың еңбек жасағы» облыстық штабына 50 жұмысшы, «Тұрғы үй Қызылорда» ЖШС-не, «Жаңарту» ЖШС, «КНПЗ» ЖШС-не газэлектрдәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы сынды мамандықтарға сұраныстар болды. Ұйымдастырылған жәрменке барысында пробация есебінде тұрған азаматтар жеке сұхбат жүргізу үшін өздері таңдаған мекемелеріне шақырылды.
Дана ДОСТАНОВА
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Дана ДОСТАНОВА
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД