ҚЫЗЫЛОРДА, ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН БІРҚАТАР ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҰСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінен ұлттық бюросы хабарлайды. Қызылорда қаласы «Қазпочта» АҚ-ның Сырдария ауданындағы почта байланысы бөлімшесінің басшысы Ж.Әлібаев жеке тұлғаны почта бөлімшесінің меңгерушісі етіп тағайындау үшін одан 50 мың теңге пара алған жерінен ұсталды.
Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы Әділет департаменті сот актілерін орындау аймақтық бөлімінің басшысы аға сот орындаушысы А.Аманғазиев пен сот орындаушысы Н.Үсіпжановты ұстады. А.Аманғазиев пен Н.Үсіпжанов жеке тұлғаның қарыз сомасын азайту үшін одан 30 мың теңге пара алған. Сондай-ақ Қостанай облысы Рудный қаласы «Салық төлеушілер ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» МКБ бөлімінің басшысы М.Бекмағамбетов ұсталды. М.Бекмағамбетов «ВАБ-2016» ЖШС директоры А.Барановадан ҚҚС жөнінен тіркеуге тұруды кедергісіз және жедел жүргізу үшін 100 мың теңге пара алған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы уақытша қамау абақтысына жабылып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.