ҚАЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Қызылордадағы 169/1 түзеу мекемесінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерінің қатысуымен «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың ерекшеліктері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге облыстық дін мәселелері зерттеу орталығының бөлім жетекшісі Б.Убаев, «Ыбырайым» мешітінің найб имамы Т.Нұрманов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымдарының магистрі Ә.Жаппасбаев, дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы С.Памбетов қатысты. Кездесудің басты мақсаты – діни лаңкестіктің алдын алу, кереғар ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерлеу және осындай қауымға зиян тигізетін діни ұйымдардан бойын аулақ ұстауға ықпал ету.
Кездесу қонақтары ислам діннің қадір-қасиеті турасында әңгіме өрбітіп, «Ыбрайым» мешітінің найб имамы Т.Нұрманов «Исламдағы әсіредіншілдік» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы С.Мырзабайұлы «Ғаламтордағы экстремизм мен радикализм мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол алдымен адамның көзқарасы және жеке басының ұстанымы болу қажет деп есептейді.
Айтылғандарды мұқият тыңдаған қызметкерлер өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде ой өрбітіп, пікір алмасты.
С.РАБАЕВА,
169/1 түзеу мекемесі
арнайы есепке алу тобының бастығы,
әділет майоры