ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ЖАНҒА АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛЫП БЕРУДЕ
Қоғамға қайырымды жандар қажет. Жалғызбасты жан Жұмакүл Оразалиева ауызбіршілігі мол тату көршілерінің арқасында үйлі болмақ, деп хабарлады «қоғам» арнасы.
Коммунизм ауданы, Қазақстан көшесінде құлаудың аз ақ алдында тұрған баспанасының жанынан құдайы көршілері ақша жинап, асарлатып, үй тұрғызуда. Жалғызбасты жан 58-жастағы Жұмакүл Оразалиеваның бұл қара шаңырағы. Оның да салынғанына 60 жылдан асып барады. Екі қолы жоқ әкесі өз маңдай терімен салған үйін жалғыз қызына аманаттаған. Содан бері көзінің қарашығындай қорғап-ақ келеді. Мәңгілік ештеңе жоқ. Кезінде көз тартарлық болған там бүгінде құлаудың аз ақ алдында тұр, төбесінің сылағы опырылып түскен. Қабырғалары сөгілген. Жауын жауса астында қалып қоям ба деп үрейленіп отырғаны. Дегенмен жанында ата анасының көзін көрген көршілері бар. Солардың көмегі арқасында аштан қалып жатқан жоқ. Үйіне кіріс кіретін қаржысы болмаса да, аяушылық танытқан ағайын туғанындай болған көршілері көмектерін аямайды. Тіпті күн жылынғалы бері үйдің төбесінен опырылған сылақтардың арасынан жыландар салбырап тұрғанын көргенде, көршілерінің үйін паналайды екен. Ол аяқ киім фабрикасында 24 жыл бойы жұмыс жасаған. Жабылып қалып, содан бері жұмыссыз үйінде отыр. Аурушаң. Биыл қыркүйек айында 58 жасқа толып, зейнетке шықпақшы. 13 жыл отасқан жолдасының қайтыс болғанына 9 жылдан асып барады. Арқа сүйер туғаны, қанасынан шыққан баласы жоқ. Жамағайындары келіп, аракідік көмектесіп тұрады. Тек медеті құдайдан сұрағандай болған көршілері ғана. Былтырғы жылы пітір садақадан жиналған қаржыға көршілері үйдің іргетасын қалап берген. Ақшаның жетіспеушілігінен жұмыс биылғы жылға ығыстырылыпты. Міне, 2-3 күннен бері кесектер сатып алып, асарлатып өріп шықты. Дегенмен, әлі де болса көмек қажет-ақ. Осы Коммунизм округінен сайланған халық қалаулысымен де байланысқа шықты. Хабардар екен. Көмегін берді. Назарда ұстайтынын жеткізді. «Үй тұрғызғанымен оның едені, төбесі салынуы керек. Құжаттарын реттеп, көгілдір отын кіргізсек»,-дейді. Алайда, көңілдері кең көршілердің қолы қысқа. Иманды жандар қол ұшын береріне сенімді.