ЖЕДЕЛ ІШЕК АУРУЛАРЫ ӨРШУДЕ
Жаз айларында күн ысыған кезде жедел ішек ауруларының белең алатынын белгілі. Олар әсіресе қалыпты мезгілінен ерте піскен бақша өнімдерін пайдаланудан көбейеді. «Қоғам» арнасы хабарлағандай, бір тәулікте орта есеппен жұқпалы аурудар ауруханасына жедел ішек ауруларымен 50-60 адамға дейін шағымданады екен. Олардың көбі 5 жасқа дейінгі балалар. Бұл, әрине, санитарлық-тазалық талаптарын сақтамағаннан және мезгілінен ерте сауда нүктелеріне түскен қауын-қарбыздарды тұтынғанан болып отыр.
Дәрігерлердің айтуынша, балалардың іш ауруының негізі тазалық талаптарын сақтамағаннан дейді. Оған балаларын бақыламаған ересектер кінәлі. Әзірге жедел ішек аурулар деңгейі соншалықты қауіпті емес, сонда да сақтанып жүргеннің және аурудың алдын алып, тиісті ережелер мен талаптарды сақтап жүргеннің де артықтығы жоқ.