ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙСЫЗ ӨТТІ
Жыл сайын Арал ауданындағы Қамыстыбас көлінің мөлдір Аққұмшық жағажайы көптеп демалушылар тартуда. Күніне орта есеппен жағажайда 1000-1500 адам демалады, деп хабарлады «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ хабарлады.
Аталған орында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы құтқарушылары күшейтілген түрде тәулік бойы бақылау жасап жүр. Арал аудандық өрт сөндіру қызметі сенбі, жексенбі күндері жасақ құтқарушыларымен бірлесе отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек беруде.
Кезекшілік кезінде құтқарушылар халық арасында профилактикалық үгіт-насихат іс-шараларын өткізіп, суда қауіпсіздік ережелері туралы үн-парақтар таратуда. Сонымен қатар 8-9 шілде күндері Қамбаш көлінің жағасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған II-ші балықшылар слеті өтті. Іс-шара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жасақ құтқарушылары атсалысты. Аптап ыстыққа қарамастан, кезекшілікке 13 құтқарушы, 3 моторлы қайық және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Балықшылар слеті жоғары деңгейде, төтенше жағдайсыз өтті.