ГЕПАТИТ АДАМЗАТТЫҢ ЖОЙЫЛЫП КЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕБІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
Лондон империялық колледжі мен Вашингтон штатындағы университеттің зерттеушілері вирус гепатитінің адамзат өлімі мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі екенін анықтады. Бұл ауру туберкулез, безгек ауруы және АҚТҚ вирустары сияқты өте қауіпті аурулардың қатарында тұр, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Ғалымдар 1990-2013 жылдар арасында 183 елдегі мәліметтерді зерттеген. Айта кетейік, гепатитте вирустың бес түрі бар екені белгілі - A, B, C, D және E. Олардың гепатит ауруын тудыратыны дәлелденген. Сонымен қатар, вирус тағам мен сусындар арқылы таралуы мүмкін екен. Зерттеудің нәтижесі бойынша, адамзат өлімінің 96 пайызы - В және С вирусты гепатиттің себебінен болған. Яғни, В және С вирусты гепатит бауырдың циррозы мен қатерлі ісігіне себепші болады. Жұқпалы аурудың негізгі белгілеріне шаршағандық, бауырдың бұзылуы себебінен адамның терісінің сарғайып кетуі және лоқсу жатады. Алайда, адамдардың көпшілігінде бұл инфекция ешбір белгілерсіз өтеді екен.
EurekAlert басылымының мәліметінше, 23 жыл уақыт ішінде жұқпалы гепатиттен қайтыс болған адамдардың саны 63 пайызға жеткен. Жыл сайын бұл аурудан 1,45 миллион қайтыс болады екен. Ал 1990 жылдан бері туберкулез бен безгек ауруынан қайтыс болғандардың саны азайған. Салыстыратын болсақ, 2013 жылы ЖИТС-тен 1,3 миллион адам қайтыс болса, туберкулезден 1,4 миллион, безгек ауруынан 855 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, Шығыс Азия тұрғындары гепатиттен ең көп зардап шегіп жатқан тұрғындардың қатарында екен.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай ғаламдық мәселені шешу үшін әлемдік әрі заманауи денсаулық сақтау жүйесін жетілдіріп, халықаралық шараларды қолдану қажет.