БАЛА АСЫРАП АЛАМ ДЕУШІЛЕРГЕ АҚПАРАТ АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанда жетімдер үйіндегі балалар туралы ақпарат ашық жарияланады. Келер жылдан бастап ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың ортақ республикалық деректер банкі іске қосылады, - деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Онда жеткіншектер туралы ақпараттар орналастырылады. Ал бала асырап алуға ниеттілер тіркеліп, жолдама ала алады. Ол бойынша өзі таңдаған анкетаның реттік санымен араға адам салмай, кез-келген мекемеге тікелей шығады. Құзырлы министрліктің өкілдері, бұл халықаралық тәжірибе елдегі жетімдер санын азайтуды жеделдетеді, - дейді.
«Қазіргі кезде балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 8000 бала бар. Бұл үлкен проблема дей отыра, сол балаларды асырап алуға ниетті азаматтардың ұзын кезекке тізілгенін тағы білеміз. Қалай ол дейсіз ғой? Арада байланыс жоқ. Аталмыш база сол 2000 ата-анаға жетімдер туралы ақпаратқа тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді», дейді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ғалия Әкімбекова.
Үкіметтік емес ұйым белсенділері ішкі істер және денсаулық сақтау органдарына түрлі себептермен ата-ана қамқорынсыз қалған балалар туралы алғашқы деректі базаға енгізу құқығын беруді ұсынды. Осылайша сау балалар туралы ақпараттың жасырылуы және жемқорлық фактілерін болдырмауға болады, - дейді олар.
Білім және ғылым министрлігі жақын арада үкіметке аталған мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділерінен құрылған жұмыс тобын құру ұсынысымен шықпақ.