«МЕДИАЦИЯ - ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Медиация-дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына облыс судьялары, кәсіпқой, кәсіпқой емес медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті әкімдік, прокуратура, ішкі істер, адвокатура органдары өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстелді» ашқан облыстық сот судьясы Молдабек Ахметов «Медиация – дауларды соттан тыс шешудің құралы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында Медиация туралы Заңның өміршеңдігін, халыққа тиімділігін жеткізіп, сот өндірісіндегі даулы мәселелердің бітімгершілік рәсіммен оң шешім табуы, қала, кент, ауыл, селолық округ әкімдер жасаған тізілім бойынша іріктелген кәсіпқой емес медиаторлардың нақты қызметтеріне байланысты екенін атап өтті. «Қазіргі таңда іріктелген кәсіпқой немесе кәсіпқой емес медиаторлар Медиация Заңының талабын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша жеткілікті дәрежеде орындап тиімді нәтижелерге жету мақсатымыз болу керек», - деді судья Молдабек Ахметов.
«Медиацияның сотпен реттелуі, оны қолдану тиімділігі» жөнінде Қызылорда қалалық сотының судьясы Гүлжан Мырзатаева, «Медиация Заңың қолданудағы туындаған кедергілер» туралы мәселені Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Нұрлан Еламанов баяндамасында тарқатты.
2016 жылдың 20 маусымындағы ақпарат бойынша облыс соттары барлығы 6121 азаматтық және қылмыстық істерді аяқтады. Солардың ішінде бітімгершілікпен 168 азаматтық, 112 қылмыстық іс өз шешімін тапқан. Қызылорда облысы орталығындағы Достық үйінде және аудандық жерлерде әкімдік жанында ашылған медиация кабинеттері бұл бағытта заңның кеңінен қолданылуына оң ықпалын беретіні дөңгелек үстел шеңберінде аталып өтті.
Қатысушылар тақырып аясында бірқатар проблемалық мәселелерді талқылап, барлық мемлекеттік органдар мен тұрғындар көп шоғырланатын орындарда баннер орнатуды және тиісті басылымдар арқылы ұдайы Медиация туралы Заңымен жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларды беру қажет деген ортақ пікірге келді.
Шара соңында жергілікті мемлекеттік органдарына медиацияны дамытуға, медиаторлар жетістігін ақпарат құралдарына жария етуге, сондай-ақ әкімдіктер және облыс медиаторлары бірігіп медиаторларды оқытып, үйрету мақсатында семинарлар, тренингтер, алқалы жиындарды ұйымдастырып өткізу шараларын қолға алуға ұсынымдар қабылданды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі