ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
Көшедегі жарнама халық үшін ұсыныстарды жеткізудің жалпыға түсінікті және жеткілікті түрлерінің бірі болып саналады.
Жаз айларында азаматтарды судағы қауіп-қатерлерден сақтандыру жұмыстарын жандандыра түсу үшін, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын арттыру мақсатында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары судағы қауіпсіздік шараларын орындау бойынша Қызылорда қаласында 2 билбордты орнатты. Сонымен қатар облыс бойынша осы тақырыпта 14 билборд орнатылған болатын және Сырдария өзенінің қауіпті аймақтарында 78 дана «Суға түсуге тыйым салынған» белгілері орнатылды. Аталған билбордтар Қызылорда қаласының тұрғындарының көп қатынайтын А. Тоқмағанбетов және Мұстафа Шоқай көшелерінің бойына қойылды.
Қойылған билбордтар азаматтардың есіне су айдындарда орын алып жатқан адам ажалының алдын алу, оларды ескерту қажеттігін, ұдайы қауіптен сақтану керектігін ескертіп тұратын болады.
Қалалық және аудандық әкімдіктер, кәсіпкерлер ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының судағы қауіпсіздік ережелері бойынша бейнероликтерді LED-дисплейлерінде көрсету туралы бастамасын қызу қолдады.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы