МАЛ ҰРЛЫҒЫ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
Қызылорда облысының прокуратурасы мен мүдделі мемлекеттік органдар бірге мал ұрлығының деңгейін төмендету мақсатында мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жобасын әзірледі. Себебі мал ұрлығы өзекті мәселе болып отыр.
Облыс бойынша соңғы үш жылда 2202 ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлау қылмысы тіркелген. Облыстық ІІД мәліметтері бойынша 4754 бас үй малы ұрланған. 2016 жылдың өткен мерзімінде 359 ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлау қылмысы тіркелген. 662 бас мал ұрланған. Талдау көрсеткендей соңғы үш жылда тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының ұрлық қылмыстарының 72%-ы немесе 1573-і малдардың жайылымда қараусыз жүрген жерінен ұрланған.
Ауыл шаруашылығы жануарларының толық және шынайы есепке алынбауы, Ауыл шаруашылығы жануарларын өз бетімен өріске жіберіп, қараусыз қалдыру, жергілікті атқарушы органдарының малды бақташымен бағу бағытындағы ұйымдастыру жұмыстарының жеткіліксіздігі, Санитарлық және ветеринарлық ережелерінің нормаларына сәйкес келетін ауыл шаруашылығы жануарларын сату орындары мен сою пунктерінің айқын жетіспеушілігінен, бейберекет белгіленбеген орындарда сатылуы және сойылуы, Құқық қорғау және басқада мемлекеттік органдарымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қолданылған шаралардың жеткіліксіздігі, Ауыл шаруашылығы жануарларын ұйымдастырылған түрде бағу тәртібінің заңнамалық реттелмеуі қалыптасқан жағдайдың себебі болуда.
Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов, жобаның мақсаты алдымен ауыл шаруашылығы жануарлары ұрлығын алдын алу жүйесінің тиімділігін және пәрменділігін арттыру, жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы жануарларын бақылап бағудың тәртібін ұйымдастыру және реттеу.
Ішкі істер органдардың қолданылған шаралары ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаумен, ет өнімдерін сатумен шұғылданатын ұйымдасқан қылмыстық топтарын анықтауға бағытталмай, орын алған ұрлық оқиғасын тіркеп, әрі қарай тергеумен шектелуде, ал олардың басым көпшілігі ашылмай қалуда.
Осыған орай, ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленбеген орындарда союды, сатуды алдын алуға және ет өнімдерін сатумен шұғылданатын тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеуге бағытталған басқада мүдделі уәкілетті органдарымен бірлескен жүйелі әрі белсенді рейдтік және жедел-іздестіру шараларын жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру барысында (01.07.2016 жыл) барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың үй жануарларын нақты есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз етуіне бағытталған, Шиелі ауданының Бекежанов және Қодаманов ауылдық округтеріндей (үлгі ретінде) жануарларды бақылаумен бағуды ұйымдастыру шаралары қабылданатын болады. Сонымен қатар, халықтың сұранысына сай жануарларды сою және оларды өткізу орнын анықтау, үй жануарларын құжаттары болмаған кезде (ІІБ ұсталған жағдайда) уақытша ұстау тәртібін және оларды орналастыру орнын анықтау.
Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды, ай сайын облыс прокуроры Х.Дәуешовтің басшылығымен ведомствоаралық кеңестерде мемлекеттік органдар басшыларының іс-шаралардың орындалуының нәтижелері туралы есептері тыңдалады.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі