ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700-ДЕН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТЫ КЕНЕ ШАҚҚАН
Қызылорда облысында қазірдің өзінде 721 тұрғын кенеден зардап шегіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық Тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің басшысы Рзақұл Нұртаевқа сілтеме жасап.
Дәрігерлер кене шаққан адамдарды міндетті түрде бақылауда ұстайды, өйткені жәндіктің осы түрі ең қауіпті инфекциялық аурулардың бірі – конго-қырым қанды безгегін жұқтыратыны белгілі. Ал Қызылорда облысында эпизоотиялық тұрғыдан қауіпті 160-тан астам елді мекен бар.
Осы ауылдардың барлығында дәрілеу жұмыстары жүргізілді, қора-қопсы, суаттар кенеге қарсы өңделді.