БАЗАР МАҢЫ НЕГЕ ДҮРБЕЛЕҢ?
Қаламыздағы «Сыбаға» базарының маңайында адам жолына кедергі жасайтын жайма базарлар көбейіп кетті. Тіпті жаяу жүргіншіге аяқ басар жер қалмады. Бұл олқылықтың орнын толтыруға жауапты қызметкерлер кеше барлауға шықты, деп хабарлады «Қоғам тв» арнасының сайты.
Шаһарымыздағы «Ескі базар» аталып кеткен аймаққа бара қалсаң түрлі зат сатып отырған сатушыларды аңғармау мүмкін емес. Олар орналасу тәртібінсіз сатылып жатыр. Атап айтар болсақ, түрлі химикаттар қосындысы бар тұрмыстық заттар сатылатын дүңгіршектің дәл жанында жеміс-жидек және тез даярланатын фас фуд өнімдері сатылуда. Әк, гипс, кір жуғыш ұнтақ сияқты түрлі өткір иісті заттардың иісі мен тозаңы адам асқазанына жол табатын тағамдарға сіңіп, түрлі ішек ауруларын тудыратыны белгілі. Адам жолына және көліктердің жүріп-тұруына кедергі болып жатқан сатушыларға ескерту жасалып, хаттама толтырылды. «Сыбаға» базары аймағындағы жекеменшік мекемелердің иелеріне қарамағында заңсыз сауда жасап жатқандарға қатаң шара көру талап етілді. Себебі, бұл жердегі келеңсіздіктің кесірінен тұрғындардың ағзалары уланып, түрлі ауруларға ұшырауда.