«ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ БҰЗЫЛҒАН
Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 28 ұйымдағы 4114 жұмысшыларға 743 млн. теңгеден астам жалақы қарыздарының төленуіне қол жеткізілді.
Мысалы, бір ғана «Евраскон» Евро-Азиаттық құрылыс корпорациясы» АҚ-ның өзінде 280 жұмысшыға 22 млн. теңге жалақы қарызының қалыптасқаны анықталып, прокурорлық қадағалау актісімен жұмысшылардың жалақылары толық төленді.
Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер тарапынан «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптарының бұзылғаны анықталды. Қармақшы аудандық прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесімен 2015 жылы және 2016 жылдың өткен мерзімінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 478 бос жұмыс орны болса, оның 157-сі бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына мәліметтердің жолданбағаны анықталды.
Мысалы, аудандық №105 орта мектебінің директорымен 26.05.2016 жылы мектептің жылу бу қазандығының операторы лауазымы босағаны жөнінде халықты жұмыспен қамту орталығына мәлімет жолдамай, сол күні жұмысқа қабылдағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 98-бабының 1-бөлігінің 2 тармағымен (жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органға бос жұмыс орындарының бар-жоғы туралы мәліметтерді бермеуі) мектеп директоры кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210 теңге айыппұл салынды.
Барлық қала, аудан прокурорларымен бұл бағытта жұмыстар жалғасуда және анықталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалардың тиісті жауаптылықтары шешіледі.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі