РАМАЗАН АЙЫН ДӘРІПТЕГЕН ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қасиетті Рамазан айында шілденің 1-нен 2-не қараған түні Қадір түні аталып өтті, деп хабарлады облыстық мешіттің баспасөз қызметі.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жиылған жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды.
Өкіл имам Талғат Омаров қари ұстаз Азизов Абдухолиқке жамағат алдында алғысын білдіріп, сый-сияпат тарту етті. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын қасиетті айдың құрметіне жамағат пен жаппай халық арасында шығармалар бәйгесін ұйымдастырады.Биылғы шығармалар бәйгесі «Құлшылық самалы – Рамазан» атауымен ұйымдастырылып, жеңімпаз атанған шығармашыл жастар арнайы дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды.
Өңіріміздегі діни бағытта ұйымдастырылған шараларды және мешіттің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларды белсенді ақпараттандырып жүрген жергілікті БАҚ өкілдерін өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы ерекше атап өтіп, марапаттады.