ЕЛБАСЫ МАНИФЕСТІН БІРАУЫЗДАН МАҚҰЛДАЙДЫ
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысындағы «Теміржол» филиалына қарасты «Жолаушылар вагондарын жөндеу мекемесі» бастауыш партия ұйымы өткізген жиынға түрлі цехтан 400-ден астам теміржолшы қатысты, - деп жазады партия сайты.
БПҰ төрағасы Алтынбек Әбдіреев Елбасының Ядролық қауіпсіздік саммитінде сөйлеген сөзінде айтылған маңызды мәселелер мен ұсыныстар бойынша баяндама жасады. «Елбасының салиқалы саясатының өмiршеңдiгiн атап өтіп, кесапатты қарудан бас тарту шешiмi ұрпақ саулығын ойлаудан, ұлт болашағына алаңдаудан қабылданды», - деді ол. Сондай-ақ жиын барысында жасотандық Еркін Қарақонысов ел жастарын Елбасы манифесін қолдауға шақырған «Жас Отан» ЖҚ үндеуін оқыды.
Сырлау цехының жұмысшысы, көпбалалы ана Гүлнұр Рүстемова әлемге тыныштық тілейтін аналар атынан Манифест жөнінде ой толғады. Вагон жөндеушілер Елбасы бастамасының маңыздылығына тоқталды.