ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЗАҢДЫ ТАЛАБЫНА БАҒЫНБАҒАН АЗАМАТ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда облысында 2016 жылдың 5 айында полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды талабына бағынбау, қарсылық көрсету және күш қолданудың 11 фактісі тіркеліп, олар бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 03 ақпанында Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін «ПАЗ – 32054» маркалы автокөлік жүргізушісін тоқтатып, заңбұзушылығын түсіндіріп, құжаттарын сұрау кезінде аталған көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен. 1990 жылы туылған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 379-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен автокөлік жүргізушісі «кінәлі» деп танылып, айыппұл төлеу шарасы қолданылды.
Сондай-ақ, дәл осындай дерек 24 сәуір күні Қазалы ауданында да тіркелген. Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары теміржол вокзалы аумағында барлау жұмыстарын жүргізу барысында бір-бірімен төбелесіп, жанжалдасып жатқан бір топ жастарды байқап қалады. Дереу жандарына жетіп, тәртіпке шақырмақ болғанда 1996 жылы туылған азамат полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерінің сол жақ бет тұсынан жұдырығымен ұрып, қашып кетеді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда ол 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі