СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «2015 жылы және 2016 жылдың 6 айында қаралған қылмыстық істер бойынша үкімнің заттай дәлелдемелер бөлігінің орындалуы» тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Н.Қалиев, Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментінің өкілі Э.Кунтуарова, Қызылорда ішкі істер Басқармасының өкілі Ж.Канибаев қатысты.
Дөнгелек үстел жұмысында 2015 жылы және 2016 жылдың 6 айында қаралған қылмыстық істер бойынша орындауға жолданған үкімнің заттай дәлелдемелер бөлігінің орындалуы жөнінде ақпараттар айтылып, істер бойынша мысалдар келтірілді, орындау барысында туындайтын қиындықтар талқыланды.
Іс шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, сот актілерінің толық және уақытылы орындалу жөнінде өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтты.
Сот төрағасы дөңгелек үстел жұмысын қорытындылып, бірлесіп жұмыс жасауға, мекемелер арасында тұрақты түрде салыстырулар жүргізуге шақырды.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі